«Тәуелсіздік- ел тірегі» атты тэйбл – ток өтті.
12 желтоқсан күні Сауытбек ауылдық кітапханасында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік- ел тірегі» атты тэйбл – ток өтті. Іс шараға Алға орта мектебінің 9 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: оқушыларға Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беріп,
Қазақстанның өткені мен бүгінін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық санасын ояту. Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан құрбандарының ерлігін еске алып, үлгі тұтып, дәріптеу.



