«Тәуелсіздік – бабалар арманы» атты сазды кеш өткізілді.

12 желтоқсан күні Алға ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен Амангелді орта мектебінің 8-сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік – бабалар арманы» атты сазды кеш өткізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға қазақ халқының сан ғасырлық азаттық жолындағы күресі, тәуелсіздікке жетудегі тарихи тұлғалардың ерлігі, Желтоқсан оқиғасының маңызы туралы мазмұнды деректер ұсынылды.

Кітапханашы ел тарихындағы маңызды кезеңдерді атап өтіп, тәуелсіздіктің қадір-қасиеті мен ұлттың рухани тұтастығы жөнінде түсіндірді. Кеш барысында оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, тәуелсіздік тақырыбындағы әндер тыңдалып, көркем бейнематериалдар арқылы туған ел тарихына деген қызығушылықтары артты.