“Тәрбие-ұрпақ болашағының негізі” атты дөңгелек үстел өтті.
28 қараша күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен жас ұрпақтың рухани адамгершілік дамуын қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында “Тәрбие-ұрпақ болашағының негізі” атты дөңгелек үстел өтті. Шара барысында тәрбиенің басты ошағы – отбасы тәрбиесі екені айтылып, жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, адамгершілік, мейірімділік, төзімділік сияқты адамзаттық тәрбие жайлы айтылды



