“Тәкен Әлімқұлов – заңғар жазушы” атты әдеби вернисаж өтті.
14 тамыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері тұрақты оқырмандардың қатысуымен “Біл ел – бір кітап” акциясы аясында “Тәкен Әлімқұлов – заңғар жазушы” атты әдеби вернисаж өтті. Шара барысында кітапханашы оқырмандарға қаламгердің жүрегінен терең орын алып, есімі ұлттық әдебиет пен мәдениет тарихында мәңгі өшпес із қалдырғанын айтты. Кітапханашы Тәкен Әлімқұловтың 8 томдық таңдамалы шығармасымен таныстырды. Мақсаты: Қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға қызығушылығын арттыру. Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік жасау, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына ықпал ету.



