«Т.Әлімқұлов шебер жазушы» тақырыбында әдеби вернисаж өтті.

6 қыркүйек күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында таңдалған Тәкен Әлімқұловтың шығармаларын насихаттау барысында «Т.Әлімқұлов шебер жазушы» тақырыбында әдеби вернисаж өтті. Іс-шарада жазушының алты томдық шығармалары оқырман қауымға таныстырылып,»Телқоңыр»,»Ел мен Жер»,»Кертолғау» шығармалары насихатталды.

Мақсаты: Қазақтың көрнекті жазушысы Т. Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Оқырмандардың көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыру. Ұлттық әдеби мұраға құрмет сезімін қалыптастыру.