«Т.Әбдік шығармаларындағы адам тағдыры» әдеби пікір талас өткізілді.

28 қазан күні Көкқайнар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Республикалық «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті жазушы Төлен Әбдіктің «Т.Әбдік шығармаларындағы адам тағдыры» әдеби пікір талас өткізілді.

Іс-шара барысында қаламгер шығармаларындағы адам болмысы, өмірдің мәні, ар-ождан, адамгершілік пен тағдыр мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар жазушы туындыларының тәрбиелік мәні мен көтерген өзекті мәселелері төңірегінде ой бөлісіп, өз пікірлерін ортаға салды.

Мақсаты – оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиет арқылы адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.