«Тәуелсіздік тұғыры» атты дауыстап оқу ұйымдастырылды.
10 желтоқсан күні Кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің ұйымдастыруымен 16 желтоқсан Тәелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тұғыры» атты дауыстап оқу ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашы С. Әбубәкір Қалқаман Сариннің Тәуелсіздік атты өлеңін оқыды. Іс шараның мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.


