«Тәуелсіз елім-тірегім» тақырыбында кітап көрмесі өтті.

13 желтоқсан күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен М.Макаренко атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушыларының қатысуымен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз елім-тірегім» тақырыбында кітап көрмесі өтті. Көрмеге еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектері және тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен қамтылған кітап көрмесі жасалды.

Көрменің басты мақсаты: Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау.