«Сырлы саздың иесі» атты танымдық кеш өтті.
16 ақпан күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Сырлы саздың иесі» атты танымдық кеш өтті. Шара қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, композитор Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылығын насихаттауға арналған рухани-танымдық кеш болды.
Кеш барысында композитордың өмір жолына шолу жасалып, танымал әндерінің шығу тарихы баяндалды. Сонымен қатар оның әсем әндері орындалып, жыр-шумақтар оқылып, бейнематериалдар ұсынылды.



