«Сырлы өлеңнің сұлтаны» атты сыр кеш өткізілді.

18 қазан күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ж.Баласағұни орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысумен қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына орай «Сырлы өлеңнің сұлтаны» атты сыр кеш өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы жазушының өмірбаянымен шығаршылығын таныстырып, кітапхананың тұрақты оқырманы А.Давлет «Аққудың айырылуы» өлеңдер мен поэмадан үзінді оқып берді. Мақсаты: жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси- қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Возможно, это изображение 25 человек, люди учатся и текст