«Сыпатай – көрнекті тұлға» атты тарихи сағат өткізілді.
18 қыркүйек күні Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақ халқының тарихында өзіндік орны бар, ел басқарған, қол бастаған әйгілі батыр Сыпатай Әлібекұлының рухына арналған «Сыпатай – көрнекті тұлға» атты тарихи сағат өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға Сыпатай батырдың өмір жолы, ел қорғаудағы ерлігі, тарихи тұлғасы мен халқына сіңірген еңбегі туралы кеңінен мағлұмат берілді.



