«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-баршамызға ортақ іс» атты ақпараттық тайм өткізілді.
11 қараша күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қонаев мәдениет үйінің акт залында қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ҚР -на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-баршамызға ортақ іс» атты ақпараттық тайм өткізілді. Іс шара барысында кітапханашы сыбайлас жемқорлықтың салдары, қоғамға зияны туралы жан – жақты түсіндіріп, жастарға білім алып, адал қызмет жасауға шақырды. Соңында оқырмандарға сыбайлас жемқорлықтың салдары туралы видео ролик көрсетіліп, жастарға білім және адал қызмет жасауға шақырды.


