“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы имунитетті қалыптастыру -басты міндет” атты ой талқы өтті.
24 маусым күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы имунитетті қалыптастыру -басты міндет” атты ой талқы өтті. Шара барысында кітапханашы қазіргі таңда еліміздің қай жағынан болса да дамып, өркендеуіне кедергі жасап отырған, ауыздықтауға келмейтін, қазақи қоғамдағы дауа қонбас дертке айналып бара жатқан сыбайлас жемқорлықтың әсерінен мемлекетімізде экономикалық даму төмендеп, заң үстемдігі әлсіреп, қоғамдық тәртіп бұзылып, адамдардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне алып келетіндігі жайын айтып, қатысушыларда өз ойларын ортаға салып, тақырып кең көлемде талқыланды.




