«Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
20 қазан күні Еңбекші ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Еңбекші орта мектебінің 6-сынып оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны туралы түсінік беру, оның алдын алу және оған қарсы күрес жолдарын насихаттау. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар негізінде құқықтық сауаттылықтарын арттыру, адалдыққа, әділдікке, адамгершілікке тәрбиелеу және Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге баулу.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығы түсіндіріліп, қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстанудың қажеттілігі айтылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, тақырып бойынша пікір алмасты.

