«Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» тақырыбында дәріс өтті.

8 қаңтар күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» тақырыбында дәріс өтті.

Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдықты насихаттау, сондай-ақ қоғамда жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру.

Іс-шараға мекеме қызметкерлері,әкімшілік мамандары қатысты. Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, алдын алу тетіктері, тәуекелдерді азайту жолдары және адал қызмет қағидалары талқыланды.

Қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.