«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
20 сәуір күні Алға ауылдық кітапханасында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашы сыбайлас жемқорлықтың мәні мен мағынасына тоқталып, оның қоғамға тигізетін зардаптары туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, бұл індеттің заман ағымымен бірге дамып, қаржылық мүдде мен қоғамдық бәсекелестік күшейген ортада кең таралып отырғаны айтылды. Сыбайлас жемқорлықтың еліміздің дамуына елеулі зиян келтіретіндігі атап өтіліп, оны жою – әр азаматтың ортақ міндеті екені жеткізілді.


