«Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» атты дәріс өтті.
26 наурыз күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» атты дәріс өтті. Шараның мақсаты: «Сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке үйрету. Шара барысында сыбайластықтың алдын алу жолдары жайлы мәліметтер айтылып, мысалдар келтіре отырып, оқырмандардың ойын талдап өтті.

