«Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» тақырыбында тейбл-ток өткізді.
2 қазан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Ы.Алтынсарин мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» тақырыбында тейбл-ток өткізді. Аталған шарада кітапханашы сыбайлас-жемқорлықтың алдын алу шаралары, сыбайласқан құқық бұзушылық үшін жауапкершілік, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жайында әңгімелеп, сыбайлас-жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерді оқушылар арасында талқыланып, кеңінен насихатталды.




