«Сыбайлас жемқорлық-қоғам бейнесі» атты дәріс сағаты өткізілді.
20 қаңтар күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қонаев мәдениет үйінің акт залында қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ҚР -на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Сыбайлас жемқорлық-қоғам бейнесі» атты дәріс сағаты өткізілді. Сыбайлас жемқорлық қоғамымыздың қауіпті дерті болғандықтан, онымен күрес күн өткен сайын күшейіп келеді. Осы орайда кітапханашы сыбайлас жемқорлықтың салдары, қоғамға зияны туралы жан-жақты түсіндіріп, баяндап өтті. Іс шараға көркемсөз үйірме жетекшісі Б.Дүйсенова мен «Ахыска» би тобының жетекшісі Ш.Тарзиев қатысып,жастарға білім алып,адал қызмет жасауға шақырып,ақыл-кеңестерімен бөлісті.

