«Суретші болғым келеді» жас суретшілер байқауы өтті.

1 маусым күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Суретші болғым келеді» жас суретшілер байқауы өтті. Байқау барысында қатысушылар өз ойларын сурет арқылы жеткізіп, өнерге деген сүйіспеншіліктерін танытты.Іс-шара жас таланттарды қолдауға, олардың шығармашылық ізденістерін шыңдауға және ұлттық құндылықтарды өнер арқылы насихаттауға бағытталған. Байқау соңында үздік жұмыстар марапатталып, жас суретшілердің еңбектері көпшілік назарына ұсынылды.Мақсаты – жас суретшілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру, олардың қиялы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру.