“Соғыс салған із-тарих сабағы” атты кездесу кеші

12 ақпан күні Бірлік ауылдық кітапхана мен клуб қызметкерлерінің бірлесе ұйымдастыруымен 15 ақпан-Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай “Соғыс салған із-тарих сабағы” атты кездесу кеші Ауған соғысының ардагері Джанысов Түйтебай Ускенбайұлының қатысуымен өтті.Шара сұрапыл соғыста от кешіп жан тәсілім еткен азаматтарды бір минут еске алумен басталып, азапты жылдар жайында баяндама оқылып, таспадан көрсетілді. Кеш қонағы соғыс кезіндегі оқиғаларын баяндап,оқушылар сұрақтарын қойып, жауаптар алынды. Кеш соңында ардагерге сый-сияпат табысталып, естелік суреттерге түсті.