“Сиқырлы кітаптар елінде” атты ертегілер еліне саяхат өткізілді.

17 шілде күні Далақайнар ауылдық кітапханасында кітапханашының ұйымдастыруымен «Жаз кітаппен” жобасы аясында Т.Әшімбаев орта мектебінің оқушыларының қатысуымен “Сиқырлы кітаптар елінде” атты ертегілер еліне саяхат өткізілді. Іс –шара барысында кітапханашы, жас оқырмандарды кітап патшалығымен таныстырып, кітап оқуға қызығушылығын артыра отырып, ертегілер желісі арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа тәрбиелеу болды.