«Шығыстың жұлдызы, Батыстың білгірі» атты арнау кеші өткізілді.

25 қараша күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Шоқан Уәлихановтың 190 жыл мерейтойына орай «Шығыстың жұлдызы, Батыстың білгірі» атты арнау кеші өткізілді.

Кеш барысында кітапханашы Шоқан Уәлихановтың балалық шағы, білім алған ортасы, зерттеушілік сапарлары, этнографиялық еңбектері мен ғылыми жаңалықтары туралы мазмұнды деректер ұсынды. Сонымен қатар оның әлемдік деңгейде мойындалған тарихи тұлға ретіндегі маңыздылығы атап өтіліп, ғалым мұрасының кейінгі ұрпақ үшін құндылығы мен өзектілігі ерекше атап айтылды.