“ Шығыстың шыңға біткен бір шынары” атты сыр кеші өтті.
11 желтоқсан күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында шығыстанушы,тарихшы,географ,ағартушы Шоқан Уалихановтың 190 жыл толуына орай “ Шығыстың шыңға біткен бір шынары” атты сыр кеші өтті. Кеш барысында қазақтың біртуар перзенті, Шоқан Уалихановтың өмір жолы, ғылыми-зерттеу еңбектері, шығыстану саласына қосқан үлесі туралы кеңінен айтылды. Қатысушылар ғалымның саясат, тарих, география және мәдениет саласындағы еңбектерінің маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ, кітапхана қорындағы Шоқан Уалихановқа арналған кітаптар мен ғылыми әдебиеттер таныстырылып, кітап сөре ұйымдастырылды. Оқырмандар ғалымның күнделіктері мен зерттеулерімен танысуға мүмкіндік алды.



