«Шығармашылық пен жаңартпалар аумағы» воркшоп –семинар ұйымдастырылып өткізілді.
19 қыркүйек күні орталық кітапхананың «Білім орталығында» Шу аудандық ОКЖ қызметкерінің қатысуымен «Шығармашылық пен жаңартпалар аумағы» воркшоп –семинар ұйымдастырылып өткізілді.
Семинар мақсаты кітапханашылардың кәсіби білімін жетілдіру, шеберлік сыныбын өткізу.
Семинарды ОКЖ директоры Алжанбаева Бағдагүл Даулетканқызы ашып, кітапхана жұмысының жаңа форматтары туралы түсіндіріп өтті.
Семинар барысында ОКЖ әдіскері Ұ.Жанабаева «Шығармашылық пен жаңартпалар аумағы» , Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі: Р.Даберова «Кітапханалық өлкетану: үлкен мүмкіндіктер аумағы», Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі: Л.Кішкенебаева «Кітапхана бейнесі: шығармашылық зертхана» , Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Н.Рахимбаева «Жастарды әлеуметтендіру ісіндегі — кітапхана» тақырыбында баяндамалар тыңдалынды.
Семинар Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Бердібаева Л. «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырылған тренингпен жалғасты.
Кітапханашылар мен жас мамандар жаңашылдық пен ізденіске толы семинар кеңестен өздеріне тәжірибе алмасып, сұрақтарына жауап алды. Семинар қызықты әрі тартымды өтті.


