«Шығарманы қаншалықты білеміз?» тақырыбында әдеби викторина өткізілді.

27 қазан күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Республикалық «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Григорий Петровтың «Ұлттың оянуы. Финляндия қалай дамыған елге айналды?» атты шығармасы бойынша «Шығарманы қаншалықты білеміз?» тақырыбында әдеби викторина өткізілді.

Шара барысында кітапханашы Григорий Петровтың туындысына тоқталып, кітаптың мазмұны мен тәрбиелік мәнін түсіндірді. Аталған шығармада Финляндияның мәдени және рухани тоқырауды еңсеріп, дамыған мемлекетке айналу жолы баяндалды.