«Шығанақ Берсиев – атақты диқан» атты танымдық сағат өткізілді.

26 мамыр күні Шығанақ Берсиевтың 145 жыл толуына орай Абай ауылдық кітапханасында «Шығанақ Берсиев – атақты диқан» атты танымдық сағат өткізілді.

Іс-шараның мақсаты:оқырмандарға атақты диқанның өмірі мен еңбегін таныстыру, еңбекке баулу, адал еңбектің қадірін ұғындыру. Сонымен қатар қазақ халқының ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктері туралы мағлұмат беріліп, оқырмандарға еңбекқорлық пен табандылықтың маңызы түсіндірілді.