«Шығыстың ғұлама ғалымы» атты библиографиялық шолу өткізілді.

8 желтоқсан күні Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің1115 жылдығына орай 20 қараша күні Далақайнар ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен Т.Әшімбаев орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Шығыстың ғұлама ғалымы» атты библиографиялық шолу өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен еңбек жолы туралы түсінік бере отырып,әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі, жан-жақты ерекше тұлға болғандығын айтып өтті. Сонымен қатар оқырмандарға кітап қорындағы Әл-Фарабидің логика, философиялық кітаптарына шолу жасады.