«Шудан шыққан жыр жауһары» атты танымдық сағат өткізілді.

21 қазан күні Көкқайнар ауылдық кітапханасында өлкетану бағыты аясында Шу өңірінен шыққан ақын-сазгер, мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Бақыт Исаеваға арналған «Шудан шыққан жыр жауһары» атты танымдық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығына шолу жасалып, «Қазағым – елім», «Бақыт Исаева» кітаптарынан өлең-жырлары оқылды.

Сонымен қатар ақынның ұлы Ерлан Исаевтың «Тәуелсіз Қазақстан» кітабы мен қызы Гүлдана Исаеваның «Балаларға базарлық» атты кітаптары таныстырылды. Кітапханашы оқырмандарды аталған шығармалармен танысып, кітап оқуға шақырды.