«Шудан шыққан жауhар» тақырыбында өмірбаяндық шолу өтті.

15 қазан күні балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Шу ауданының құрметті азаматы, мәдениет саласының үздігі, белгілі айтыскер ақын, жыршы, термеші Аяз Бетбаевтың туғанына орай «Шудан шыққан жауhар» тақырыбында өмірбаяндық шолу өтті. Іс -шарада оқырмандарға термешінің өмірбаяны мен шығармашылығы таныстырылып, қорда бар кітаптарымен көрме жасалды. Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің 10сынып оқушысы Б.Қайратұлы ақынның «Сағыныш» термесін орындап берді. Мақсаты: Жергілікті ақын, жазушылардың шығармаларын оқырмандарға насихаттау.