«Шудан шыққан жауһар» атты сыр кеші өткізілді.

7 сәуір күні Абай ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен ақын, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Аяз Бетбаевқа арналған «Шудан шыққан жауһар» атты сыр кеші өткізілді.

Шара барысында ақынның өмірбаянына қысқаша шолу жасалып, шығармаларынан үзінділер оқылды. Қатысушылар ақын поэзиясының ерекшеліктеріне тоқталып, оның туындыларындағы терең мағына мен тәрбиелік мәні жайында өз ойларымен бөлісті.