«Шуақты Шудың шежіресі» атты кітабінің тұсаукесері өтті.
5 сәуір күні Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР дипломатиялық қызметіне еңбек сіңірген қызметкер, Египет ислам мәдениеті университетінің Байбарыстану орталығының жетекшісі, Шу ауданының тумасы Сәки Қайрат Ұзақұлының «Шуақты Шудың шежіресі» атты кітабінің тұсаукесері өтті.
Қайрат Сакидің Шуақты «Шудың шежіресі» кітаптарынан кітап көрмесі мен фото галлерия қойылды.
Аталған шараға аудан әкімі мен зиялы қауым өкілдері және кітапхана оқырмандары, замандастары қатысты.
Аудан әкімі Бақытжан Оразалыұлы құттықтауын білдіріп, Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін медалімен марапаттады. Сондай-ақ, аудандық, маслихат төрағасы Жасұлан Әбенов жылы лебізін білдіріп, Құрмет Грамотасын табыстады.
Мәдени шара аясында Қайрат Ұзақұлы «Пирамида үстіндегі киіз үй немесе Байбарыс туралы», «Қыпшақ мәмлүктер», «Бағдаттағы Жалайыр билігі», «Мәмлүктер – соғыс өнері, «Ер қаруы – бес қару», «Юрта на вершине пирамиды, «Сұлтан Байбарыс, «Қоралас Жауғаш батыр», «Байбарс – султан мамлюков из Дешт-и Кыпчака» кітаптары оқырмандарға таныстырылды.




