Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков ауданымыздың жастарымен Оқушылар сарайында кездесу өткізді.
26 желтоқсан күні Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков ауданымыздың жастарымен Оқушылар сарайында кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан әкімі жастарды салаларындағы жеткен жетістіктерімен құттықтап, Шу аудандық орталық кітапхананың ақпараттық библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің әдіскері Ә.Ахметованы ауданымыздың оқырмандарының ықыласына бөленіп, жаңалықтың жаршысы, таусылмас қазынаның қорғаны болуда қосқан жемісті еңбегі үшін Шу ауданы әкімі Б.Жәнібековтің “Алғыс хатымен” марапаттап, 2025 жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыстады.


