“Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы” атты сыр кеші өтті.
14 қараша күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен қазақтың ұлы ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, географ ағартушы Ш.Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына орай “Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы” атты сыр кеші өтті. Іс-шара барысында Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми мұрасы кеңінен талқыланып, жас ұрпақты отансүйгіштікке, парасаттылыққа тәрбиелеудің маңызы айтылып, кеш қонағы Ы.Алтынсарин мектебінің ұлағатты ұстазы Г.Валимамедова Ш.Уәлихановтың өмір жолы қысқа болғанымен, ол өзінің артынан көпшіліктің бірнеше өмірі жетпейтіндей мұра қалдырғанын атап өтті. Оқушыларда өз ойларымен бөлісті.



