«Шөмішбай – қос қанатты ақын» білімділер порталы өткізілді.

15 сәуір күні Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен белгілі ақын Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына орай «Шөмішбай – қос қанатты ақын» білімділер порталы өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушыларға ақынның тек өлең жазып қана қоймай, қазақ эстрадасына көптеген ән мәтіндерін жазып, поэзия мен ән өнерін қатар дамытқан «қос қанатты ақын» екені түсіндірілді.