«Шексіз әлем иесі» тақырыбындағы М.Х.Дулати атындағы орта мектептің кітапханасында тәрбие сағаты өтті.
6 желтоқсан күні Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85жыл толуына орай «Шексіз әлем иесі» тақырыбындағы М.Х.Дулати атындағы орта мектептің кітапханасында тәрбие сағаты өтті. Шара 8-сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға заңғар жазушының шығармаларын насихаттау, ұлы тұлғаларды дәріптеу елін, жерін құрметтеуге баулу. Әбіш Кекілбаев адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы.

