«Сезім мен сырды өлеңге өрген ақын» поэзия кеші өтті.

3 наурыз күні Орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Облыстық «Жазушымен бір күн» кітапханалық жобасы аясында қазақтың сыршыл лирикасымен танылған ақын С.Томановтың 70 жылдығына орай «Сезім мен сырды өлеңге өрген ақын» поэзия кеші өтті.

Кеш барысында ақынның өмір жолы мен әдеби мұрасы туралы мәлімет беріліп, өлеңдері оқылып, шығармаларына шолу жасалды.

Шараның мақсаты: Жас ұрпаққа ақын шығармашылығын таныту, поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру және ұлттық әдебиетті құрметтеуге тәрбиелеу.