«Семей-ядролық сынақ құрбандарының үні» шок-урок өткізді.
25 тамыз күні Бірлік ауылдық кітапханасы 29 тамыз-Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай, «Семей-ядролық сынақ құрбандарының үні» шок-урок өткізді. Семей ядролық полигонының ядролық сынақтар тарихындағы рөлі және өңірге тигізген зардаптары туралы негізгі мәліметтер ұсынылды. Оқырмандарға «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына қатысушылар туралы фотоальбомдар мен кітаптармен, қарусыздану саласындағы халықаралық ынтымақтастық және зардап шеккен аумақтарды экологиялық қалпына келтіру жұмыстары жөніндегі мәліметтер берілді.




