«Сазға толы сырлы ғұмыр» поэзия сағаты өткізілді.
20 мамыр күні Сауытбек ауылдық кітапханасында ақын, драматург, әнші, сазгер Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Сазға толы сырлы ғұмыр» поэзия сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы Бәкір Тәжібаевтың өмірбаяны, өнер саласындағы еңбегі туралы мәлімет берілді. Қатысушылар ақынның алғашқы өлеңі «Ақбұлақ», шоқтығы биік «Әлия» әндерін тыңдады.



