«Сауытбек Ұсаұлы- қазақ даласының ақыны» атты өмірбаяндық шолу өтті.

16 мамыр күні Сауытбек ауылдық кітапханасында жерлесіміз арқалы ақын, күміс көмей әнші, әйгілі сазгер «Сауытбек Ұсаұлы- қазақ даласының ақыны» атты өмірбаяндық шолу өтті. Іс-шараға Алға орта мектебінің 4 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы Шу өңірінде өмір сүрген «Ашаның алты салы» атанған өнерпаздың бірі ретінде кеңінен танымал болған Сауытбек Ұсаұлының өмірі мен шығармашылығын таныстырды.

Мақсаты: Сауытбек Ұсаұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Оқырмандарды ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру.