«Сан қырлы Сыпатай батыр» атты танымдық әңгіме ұйымдастырды.
17 шілде күні №3 Шу қалалық кітапханасының қызметкерлері қазақ халқының даңқты батыры Сыпатай Әлібекұлының 245 жылдық мерейтойына орай «Сан қырлы Сыпатай батыр» атты танымдық әңгіме ұйымдастырды.
Іс-шара барысында Сыпатай батырдың өмір жолы мен ел қорғаудағы ерлігі, қазақ халқының азаттығы жолындағы елеулі еңбегі кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар батырдың тарихи тұлғасы туралы тың деректер айтылып, қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ерлік пен елдік туралы тағылымды әңгіме өрбітті. Танымдық кездесу жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға, отансүйгіштік рухын нығайтуға бағытталды.




