«Салт-дәстүрім – салтанатым» тақырыбында ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған ұлттық ойындар өткізілді.
11 маусым күні Балалар мен жасөспірімдер кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Салт-дәстүрім – салтанатым» тақырыбында ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған ұлттық ойындар өткізілді.Іс-шара барысында қатысушылар қазақ халқының ұлттық ойындарымен танысып, асық ату, арқан тарту ойындарына белсене қатысты. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық аспаптары таныстырылып, олардың тарихы мен рухани-мәдени маңызы туралы мәліметтер берілді.




