«Салт-дәстүрім ғаламат, бабалардан аманат» атты библиошар өткізілді.
22 қазан күні Жаңа жол ауылдық кітапханасында кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен «Салт-дәстүрім ғаламат, бабалардан аманат» атты библиошар Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен өткізілді. Шара барысында кітапхананың белсенді оқырмандары Жұмабай Ажар, Нұрғожа Нұрел, Кендебай Ерен, Тоқберген Алина , Мырзабекұлы Әли, халқымыздың салт – дәстүріне байланысты бірнеше сұрақтарға ұтымды жауап берді. Кітапханашы «Ата салтың – халықтық қалпың» демекші, өз ұлтымыздың қадір – қасиетін, ой -өрісін танытатын салт – дәстүрімізге мейлінше құрметпен қарап, оларды қастерлеу барша қазақтың елдігіне сын екендігін балаларға қарапайым сөзбен айтып шараны қорытындылады. Ұлттық бұрышқа ұлттық бұйымдар мен салт-дәстүрімізге байланысты кітаптар қойылып, оқырмандарға насихатталды.
Мақсаты: кітапхана оқырмандарына қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет -ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.



