«Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» денсаулық сағаты ұйымдастырылды.
7 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» денсаулық сағаты ұйымдастырылды.
Мақсаты: Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулық – адам бақытының бірінші байлығы екенін ұғындыру.
Шара барысында қатысушыларға денсаулық туралы мағлұматтар айтылып, адам денсаулығына пайдалы жаттығулар мен ойын түрлері көрсетілді.



