«Сайын Мұратбековтың әдеби мұрасы: Қазақ қоғамының болмысы мен адамның ішкі әлемі» атты сыр сандық өтті.
20 қазан күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, сыршыл суреткер Сайын Мұратбековтің 90 жылдығына арналған «Сайын Мұратбековтың әдеби мұрасы: Қазақ қоғамының болмысы мен адамның ішкі әлемі» атты сыр сандық өтті. Шара барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылық жолы кеңінен таныстырылып, қарапайым адамның жан дүниесін, ауыл өмірін, балалық шақты, адамгершілік пен мейірімділікті шынайы бейнелейтін құнды әдеби мұралары жайында айтылып, сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.


