«Сайын Мұратбеков- жан әлемінің зергері» өмірбаяндық шолу өткізілді.
19 қазан күні Сауытбек ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен көрнекті қазақ жазушысы, көркем әдебиеттің шебері Сайын Мұратбековтің 90 жылдық мерейтойына орай «Сайын Мұратбеков- жан әлемінің зергері» өмірбаяндық шолу өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылық жолы таныстырылып, қазақ әдебиетінде алатын орны мен шығармаларының тәрбиелік мәні туралы кеңінен мағлұмат берілді.



