«Сахна саңлағы – Сәбит Оразбаев» атты танымдық сағат өткізілді.
20 қаңтар күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Сахна саңлағы – Сәбит Оразбаев» атты танымдық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында көрнекті актер, сахна шебері Сәбит Оразбаевтың өмір жолы мен өнердегі жетістіктері таныстырылып, қазақ театр өнеріне қосқан үлесі айтылды. Қатысушылар актердің сахнадағы бейнесі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алды.


