«Саған кітап арнаймын» акциясы аясында кітап сыйға тартылды
28 қазан күні «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Саған кітап арнаймын» акциясы аясында кітап сыйға тартылды
Кітап оқу мәдениетін насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу және қоғамда оқырмандық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Төлеби ауылдық округінің әкімі Рахимкулов Арнұр Ермекбайұлына және Жер қатынастары бөлімінің басшысы Көшербаев Асан Алданұлына кітаптар сыйға тартылды.
Кітап – рухани қазына, білімнің қайнар көзі, адамды кемелдікке жетелейтін асыл мұра. Кітап оқу арқылы адамның ой-өрісі кеңейіп, таным көкжиегі артады.




