«Сөз саңлағы, поэзия бағбаны» атты өмірбаяндық шолу өтті.
18 қазан күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ш.Мұртаза орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасында алатын орны ерекше, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Сөз саңлағы, поэзия бағбаны» атты өмірбаяндық шолу өтті. Мақсаты: оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыра отырып,ой – өрісін кеңейту, көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттыру. Шара соңында кітапханашы жазушының кітаптарына шолу жасады.

