«Рухы биік қаламгер» дауыстап оқу шарасы өтті.
7 сәуір күні Кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында артына өшпес із қалдырған көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділовтың 90 жылдық мерейтойына орай «Рухы биік қаламгер» дауыстап оқу шарасы өтті.
Іс-шара барысында оқырмандар жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысып, оның тарихи тақырыптағы туындылары мен ел тағдырын бейнелеген шығармалары жайлы мағлұмат алды. Кітапханашы қаламгердің әдебиеттегі орны мен еңбектерінің маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға оның шығармаларынан үзінділерді дауыстап оқып берді.



